АЛМАТЫДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, "Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қатысушылар балалар әдебиетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, қазақ тіліндегі контенттің сапасын