Курбанова Дильдар Эрполатовна » «№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданы білім бөлімінің
«№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72531) 2-70-03
Есепші бөлімі:
+7 (72531) 2-70-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қаңтар
2024

Курбанова Дильдар Эрполатовна

№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі

Оқу   ісі  жөніндегідиректор орынбасары

Курбанова Дильдар Эрполатовнаға

ҚЫЗМЕТТІК  МІНЕЗДЕМЕ


  1. Біліктілікті арттыру туралы ақпарат  
  2. 15.02-26.02.2021 жыл аралығында «Білім беру мазмұнын басқару және   менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курстан өткен. «Өрлеу» ғылыми әдістемелік орталығының сертификаты берілген. 26..02.2021 жылы БЖ   № 009815 
  3. «Педагог – зерттеуші» біліктілік санаты. 16.08.2020 жыл.
  4. Лауазымы, тағайындалған күні:
  5. Оқу ісі  жөніндегі директор орынбасары. Бұйрық №294. 24.12.2015 жыл.  
  6. Екінші біліктілік санатты басшының орынбасары. 21.06.2021ж. Бұйрық №184
  7. Еңбек өтілі:
  8. Жалпы: 38 жыл.
  9. Педагогикалық: 38 жыл.
  10. Осы лауазым бойынша: 8 жыл.
  11. Марапаттары, атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы алған жылын көрсете отырып.

Курбанова Дильдар Эрполатовна  1965 жылы 14 наурыз  күні Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Ф.Энгельс атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық  Шет тілдер  институтына оқуға түсіп, 1987 жылы  ағылшын тілі пәні мамандығы бойынша бітіріп шықты. Білімі жоғарыӨзінің еңбек жолын 1985  жылы 1-қыркүйектен  Қарабұлақ ауылындағы СПТУ №108 де 1-2курс студенттеріне ағылшын тілінен сабақ берудан бастады.1987 жылдан бастап қазіргі таңға дейін №41Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде өз мамандығы бойынша  жұмыс істеп келуде.1989 жылдан ағылшын тілі әдістеме бірлестік жетекшісі болып істеді. 2015 жылы бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі бойынша директор орынбасары лауазымына тағайындалған.   

            2021 жылы Облыс көлемінде «Мектептегі білім сапасы мен тәрбие ісін арттыруға негізделген жұмыс түрлері» тақырыбында, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік көмекші құрал жарық көрді. 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес бастауыш сыныпта оқу процесін және әдістемелік жұмысты    ұйымдастырады.Бастауыш сыныптың педагогикалық ұжымына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ  құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді; бастауыш сыныптар бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды; бастауыш сыныптар бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, бастауыш  сыныптарға  сабақ кестесін жасайды.Белгіленген құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді.Білім алушылар ,бастауыш сынып педагогтері арасында академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

       Бұл лауазымға тағайындалған күннен бастап еңбек еткен 9 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға, іс-шараларға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз басшы орынбасары. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына үлкен мән беру арқылы таланттарын шығару септігін тигізетін жұмыстарды атқаруда. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив