Эштаев Адилжан Сайфитдинович

Эштаев Адилжан Сайфитдинович
№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының оқу істері бойынша директор орынбасары
Эштаев Адилжан Сайфитдинович, 1968 жыл 24 наурыз күні Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
1985 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент мемлекеттік университетінің физика пәні мамандығына оқуға түсіп, 1993 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің физика пәні мамандығы бойынша бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1993 жыл қыркүйек айының 1 жұлдызында Қарабұлақ ауылындағы №41 Жамбыл атындағы толықсыз орта мектебіне физика мамандығы бойынша физика пәні мұғалімі болып жұмыс бастады. 2001 жыл 03 қыркүйектен бастап директордың оқу істер бойынша орынбасары болып тағайындалып жұмыс бастады.
2023 жылы 29 тамыздағы №288 бұйрығымен «Педагог-зерттеуші» санаты берілді.
2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамында «Білім беру сапасын басқару жағдайындағы басқарушылық қызмет және менежмент» тақырыбында курсын оқып сертификат алған.
2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамында «Қашықтықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерсін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде» тақырыбында курсын оқып сертификат алған.
2021 жылы 11 маусымда №184 бұйрығымен «Екінші біліктілік санаты басшының орынбасары» біліктілік санатын алды.
2021 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығынан «Әр тоқсанның қорытындысы бойынша білім стандарты талаптарының орындалу қорытындысын шығару жолдары» атты әдістемелік құрал баспадан шықты.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық және аудандық мадақтамалармен марапатталды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде өзгеріске бейім, заманауи оқыту кезеңінде инновацияға негізделген әдістемелік жұмыстарды шығармашылықпен жүйелей алдым. Әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шаралардың жүргізу әдісін талдап, саралап, шығармашылықпен жүйелей алдым. Әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шаралардың жүргізу әдісін талдап, саралап, шығармашылық топтарға бағыттап отырдым. Еңбек етіп жүрген жылдардан бері талай жетістіктерге жетіп мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстазбын.