Халтаев Сабиржан Абдулхамидович

№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Халтаев Сабиржан Абдулхамидовичқа
ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ
- Біліктілікті арттыру туралы ақпарат
- 06.03-17.03.2023 жыл аралығында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курстан өткен. «Өрлеу» оқу әдістемелік орталығының сертификаты берілген. 17.03.2023 жылы № 016086
- «Педагог – зерттеуші» біліктілік санаты. 16.08.2021 жыл.
- Лауазымы, тағайындалған күні:
- Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары. Бұйрық №152 01.10.2004 жыл.
- Екінші біліктілік санатты басшының орынбасары. 11.06.2021ж. Бұйрық №184
- Еңбек өтілі:
- Жалпы: 33 жыл.
- Педагогикалық: 27 жыл.
- Осы лауазым бойынша: 20 жыл.
- Марапаттары, атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы алған жылын көрсете отырып.
Халтаев Сабиржан Абдулхамидович 1973 жылы 4 мамыр күні Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Мурагер институтына оқуға түсіп, 2022 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін тарих және география мамандығы бойынша бітіріп шықты. Білімі жоғары. 1998 жылы №3 Хамза атындағы жалпы орта мектебіне алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданған. 2001 жылы №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебіне алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі болып ауысқан. 2002 жылы бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі бойынша директор орынбасары лауазымына тағайындалған. Сол мектепте 2004 жыл қазан айында тәрбие істер жөніндегі директор орынбасары лауазымына тағайындалған.
2021 жылы Облыс көлемінде «Мектептегі білім сапасы мен тәрбие ісін арттыруға негізделген жұмыс түрлері» тақырыбында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік көмекші құрал жарық көрді
Осы жұмыс істеп жүрген уақыт аралығында түрлі тақырыптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы қабілетін, терең білімін көпшілікке көрсете білді. Соның нәтижесі шығар 2004 жылы қазан айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары дәрежесіне көтерілді. Бұл лауазымға тағайындалған күннен бастап еңбек еткен 20 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға, іс-шараларға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз басшы орынбасары. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына үлкен мән беру арқылы таланттарын шығару септігін тигізетін жұмыстарды атқаруда. Барлық мерекелерге салтанатты іс-шаралар, «Рухани жаңғыру бағдарламасы», «Ұлы даланың жеті қыры», Әл–Фарабидің 1150 жылдығы, Ұлы Абайдың 175 жылдығына жоспар негізінде жұмыстар жүргізуде.
№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы базасында 29 қазан 2021 жылы өткен «Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік тәрбиесін беру мәселелері» атты облыстық тәжірибелік семинарда өз біліктілігі мен білімін жоғары дәрежеде көрсетті.