Анарова Хуликар Сармановна » «№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданы білім бөлімінің
«№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72531) 2-70-03
Есепші бөлімі:
+7 (72531) 2-70-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2024

Анарова Хуликар Сармановна

№41 Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектебі

директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары

Анарова Хуликар Сармановнаға

ҚЫЗМЕТТІК  МІНЕЗДЕМЕ


Біліктілікті арттыру туралы ақпарат 

     06-17.11.2023 жыл аралығында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі менеджмент» бойынша біліктілікті арттыру курстан өткен. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғамының сертификаты берілген. 17.11.2023 жылы    № 015931 

«Педагог – сарапшы» біліктілік санаты. 27.12.2019 жыл.

Лауазымы, тағайындалған күні:

Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары.  Бұйрық №145 11.09.2020  жыл.  

Еңбек өтілі:

Жалпы: 20 жыл.

Педагогикалық: 20 жыл.

Осы лауазым бойынша: 3 жыл.

Марапаттары, атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы алған жылын көрсете отырып.

Анарова Хуликар Сармановна 1981 жылы 3 шілде күні Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1999 жылы «Мұрагер» институтына  түсіп, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Педагогика және бастауыш оқыту   әдістемесі"  бойынша толық курсты бітіріп шықты. Білімі жоғары.  2004 жылы №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа  қабылданған.   

       Осы жұмыс істеп жүрген уақыт аралығында түрлі тақырыптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы қабілетін, терең білімін көпшілікке көрсете білді. Өз білімін жетілдіру жолында аянбай еңбек етіп, жаңа заман технологиясын меңгеріп, өз бойындағы асыл қасиеттерін шәкірт бойына сіңіре білген еңбекқор ұстаз. Өз ісін адал, тиянақты атқара білетін жауапты ұстаз. Соның нәтижесінде 2020 жылы қыркүйек  айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары дәрежесіне көтерілді. Бұл лауазымға тағайындалған күннен бастап еңбек еткен 3 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға, іс-шараларға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз басшы орынбасары. 

    Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына үлкен мән беру арқылы таланттарын шығару септігін тигізетін жұмыстарды атқаруда. Барлық мерекелерге салтанатты іс-шаралар атқарылуда

    Солардың ішінде 2021 жыл қараша айында 5-сынып оқушымыз  Түркістан облысында президент тесті бойынша болып өткен олимпиадада жеңіл атлетикаға қатысып, оның   6 түрінен өтіп 2 –орын иегері болып, медалмен мадақтамаларға ие болды. 2022 жыл наурыз айында мектебіміздің 5-6- сынып оқушылары  2022 жыл –Балалар жылына арналған баскетболдан 2010-2011 ж.т жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Сайрам ауданының ашық біріншілігіне қатысып, 1 орын алғаны үшін диплом және медалмен марапатталды.2024 жылы қаңтар айында 5-6 сынып оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоғам қайраткері Д. А. Қонаевтың 112 жылдығына орай өткізілген аудандық мектеп аралық «Көңілді сөре» эстафеталық жарысына қатысып жүлделі 1 орын алып, медалмен  мадақтамаға ие болды.  2023 жыл қаңтар айында Сайрам  ауданында 2023 жылы 8 желтоқсан айында  болып өткен шахмат бойынша «Ақбозат» Ұлттық мектеп лигасы аудандық жарысына 7-8 сынып оқушылары қатысып 1 орын алып келді. 

2023 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турнирінде 10-сынып оқушылары  3 орынды алып, громаталарға ие болды.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив